Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауының Гран-приін ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауының Гран-приін ұтып алды

14.07.2015
Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауының Гран-приін ұтып алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебсктегі XXIV «Славян базары»   халықаралық сайысының бас жүлдесі мен арнайы «Лира» сыйлығына ие болды.

Димаш Құдайберген екі күннің қорытындысы бойынша ең жоғары балл - 175 балл жинады. Әнші сайыстың бірінші күнінде Константин Меладзенің «Опять метель» әнін орындаса, екінші күнінде француздың «Sos dun terien un detresse» әнін айтты.

Мерекелік шараға қатысқан Беларусь Президенті А.Лукашенко сөзінде барлық сайысқа қатысушыларға Витебск сахнасы болашақтарына жарқын жол ашатын баспалдақ болуын тіледі.

«Мұндай сайыста жеңіске жету болашаққа деген зор талпыныстың белгісі. Сайыс барысында адам тек өзінің дарынын ғана емес, мінезін де көрсетеді», - деді А. Лукашенко.

Бірінші жүлде (15 мың АҚШ доллары)  мен арнайы сыйлық беларустік Валерия Грибусоваға табысталды. Екінші орынды «10 мың АҚШ доллары) Болгариядан келген Николай Манолов иеленді.  Украиналық Анна Твердоступ үшінші орынға (5 мың АҚШ доллары) лайық деп танылды.

Ал, Димаш Құдайберген 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Хабарламаларға жазылу