Астанада Дельфий жастар ойындары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Дельфий жастар ойындары басталды

21.10.2015
Астанада Дельфий жастар ойындары басталды

Биылғы Дельфий ойындары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр. Дәстүрлі Дельфий ойындарына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бес жүзден астам дарынды жастар жиналды.

Дельфи ойындары – заман талаптары қажет ететін өнер саласындағы жас мамандардың жыл сайынғы жарысы. Бұл жарыс - бейнелеу өнерін, орындаушылық, қолданбалы өнер, сөз өнерін, жалпы өнер түрлерінің барлығын қамтиды.

Аталмыш шараның ашылу рәсімде  «Ұлытау» тобы,  «Славян базары-2015» халықаралық байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов, Қазақтанның халық әртісі Айгүл Елшібаева және халықаралық Дельфий ойындарының жеңімпаздары  өнер көрсетті.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева төрағалық ететін әділ қазылар алқасы бағалайды.

Хабарламаларға жазылу