Павлодарлық кәсіпкерлер жылқының қиынан пакеттелген биогумус шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық кәсіпкерлер жылқының қиынан пакеттелген биогумус шығармақ

21.06.2015
Павлодарлық кәсіпкерлер жылқының қиынан пакеттелген биогумус шығармақ

Пакеттелген биогумус өндіруді жүзеге асыруға «Копролит» ЖШС ниет білдірген.

«Бүгінде жылқының қиын пайдаға жаратудың жолын қарастырып жатырмыз. Шет елдерде мұндай жоба сәтті жүзеге асырылуда. Сондықтан, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қолдауымен облыста жылқы тезегін қолдану арқылы табиғи тыңайтқыш шығаруды қолға алмақпыз. Фермада 400-ден астам жылқы бар. Биогумусқа Қытай елінде сұраныс жоғары», - дейді «Сағып» шаруа қожалығының басшысы Төлеу Құшманова.

 

pavlodarnews.kz

 

Хабарламаларға жазылу