Кассалық аппарат қалай пайда болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кассалық аппарат қалай пайда болды?

16.06.2015
Кассалық аппарат қалай пайда болды?

Сауда орындарының жұмысын жеңілдетіп, қаржылық келеңсіздіктердің алдын алатын заманауи құрылғы – кассалық аппарат. Бір қарағанда, көзге еленбейтін сауда құралының тигізер пайдасы көп. Бүгінде сатушының жұмысын жеңілдеткен аппараттың түрі де, атқарар қызметі де күрделенген.

1871 жылы Джеймс Ритти атты өнертапқыш Американың Дейтон штатында  ерекше мейрамхана ашады. Қол астына бірнеше адам алып, қызу жұмысқа кіріседі.

Күндердің күні Джеймс мейрамханаға түсетін кірістен гөрі, шығынның көп екенін байқайды. Оның ойына бірден кеменің жылдамдығын және су тығыздығын тура есептейтін тахометр оралады. Осы секілді мейрамханаға түсетін ақшаны да дәлме-дәл есептейтін құрылғы ойлап табуға бел буады.

Алғашқы кассалық аппарат екі сүйір тілшесі бар сағат секілді болған. Оның ұзын тілі теңгені көрсетсе, қысқасы тиынды есептейді. Алайда, кассада тұратын жұмысшы құрылғының тілшелерін кейін айналдырып, ақшаны оңай ұрлайтын еді.

Джеймс бұл олқылықты реттеу мақсатында тілшелердің орнын сандарды көрсетіп тұратын құрылғымен алмастырды. Сондай-ақ, есептеуіш құралдың төбесіне қоңырау орнатты. Сөйтіп, бұл аппаратқа Джеймс Ритти патент алды.

Уақыт өте келе «кассалық аппарат қате есептейді»,-дейтіндердің қатары көбейді. Джеймс ол мәселені де бірден реттеп, арнайы чек басып беретін құрылғы шығарды. Сол кезден бастап оған тек сатушылар ғана емес, қаржы саласымен айналысатын мекемелер де қызыға бастады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу