Павлодарда «Bala Turkvizyon-Казақстан» халықаралық байқауының іріктеу туры аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Bala Turkvizyon-Казақстан» халықаралық байқауының іріктеу туры аяқталды

15.06.2015
Павлодарда «Bala Turkvizyon-Казақстан» халықаралық байқауының іріктеу туры аяқталды

Павлодар облысында өткен іріктеу турының жеңімпазын Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина және Ринат Малцаков сынды қазылар алқасы анықтады.

Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 8-13 жас аралығындағы үміткерлердің көпшілігі кішкентайынан ән салуға машықтанған. Олар қазақ, ағылшын, орыс, испан, итальян тілдеріндегі әндер орындап, жұртшылықтың ықыласына бөленді.

Байқау қорытындысы бойынша «Жұлдызды үйге», «Bala Turkvizyon-Казақстан» халықаралық конкурсының жартылай финалына жолдаманы 8 жастағы Тамила Рахимбаева жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу