«BalaTurkvizyon» байқауының жеңімпазы сайыстың гранд-финалына жолдама алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«BalaTurkvizyon» байқауының жеңімпазы сайыстың гранд-финалына жолдама алады

17.09.2015
«BalaTurkvizyon» байқауының  жеңімпазы сайыстың гранд-финалына жолдама алады
 

19-20 қыркүйекте елордада Бейбітшілік және келісім сарайында «BalaTurkvizyon»  І Халықаралық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу жеңімпаздарының жартылай финалы мен финалдық гала-концерт өтеді.

Гала-концертте SМS арқылы дауыс беру жүргізіліп, қазылар алқасы ең үздік дауыс иесін анықтайды. Жеңімпаз желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет өткізілетін «BalaTurkvizyon» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

21 мемлекеттің өнерпаздары бақ сынайтын гранд-финал 18 желтоқсанда Түркияның Стамбұл қаласында өтеді.

Байқаудың басты мақсаты – музыка әлемі арқылы балалардың жан-жақты дамуына үлес қосу, республикамыздың барлық балабақшалары мен мектептеріне арнайы сыйға тартылатын қазақ тіліндегі жаңа әндерді жарыққа шығару және қазақстандық жас сазгерлер мен ақындарға қолдау көрсету.

Еске салайық, ұлттық іріктеу 8 шілде - 8 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған екі мыңға жуық  талантты өнерпаз қатысты. Әр балаға кастинг нәтижесіне қарамастан сертификаттар мен «Bala Turkvizyon – Қазақстан» әнұраны табыс етілді. Екі апта бойы еліміздің 16 облысынан үздік шыққан 20 баламен танымал музыка шеберлері, хореографтар мен әртістер жұмыс істеді.

 

astana.kz

Хабарламаларға жазылу