«Bala Turkvizyon» байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан Назима Исаханова қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bala Turkvizyon» байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан Назима Исаханова қатысады

23.06.2015
«Bala Turkvizyon» байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан Назима Исаханова қатысады

Шымкентте өткен «Bala Turkvizyon» байқауының іріктеуінде нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Назима Исаханова топ жарды. Енді ол Астанада өтетін финалға Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысады.

12 жастағы Назима Исаханова  бұған дейін қазақстандық және халықаралық байқауларға қатысқан. Сондай-ақ, ол Мәскеуде өткен «Белая трость» фестивалінде әнші Диана Гурцкаямен бірге ән шырқаған.

Айта кетейік, кастингті «Жігіттер» квартеті өткізді.

«Bala Turkvizyon» байқауының кезекті іріктеуі 25 маусым күні Тараз қаласында ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу