Әнші Санда Өскеменде халықаралық «Bala Turkvizyon» байқауының іріктеуін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Санда Өскеменде халықаралық «Bala Turkvizyon» байқауының іріктеуін өткізеді

08.06.2015
Әнші Санда Өскеменде халықаралық «Bala Turkvizyon» байқауының іріктеуін өткізеді

Түркі тілдес елдердің тарихындағы тұңғыш рет қолға алынған «Bala Turkvizyon» халықаралық жобасының іріктеу кезеңі Өскемен қаласынан басталады.

Кастинг ертең Кеншілер Мәдениет сарайында болады. Іріктеуді әнші Санда мен оның  Иван Бреусов пен продюсер Эрик Тастамбеков сынды өнер жұлдыздарынан құралған тобы өткізеді.

Айта кетейік, «Bala Turkvizyon» байқауының  іріктеуі еліміздің 15 аймағында өтеді. Жеңімпаздар «Жұлдызды үйге» жолдама алады. Олар екі апта бойы Алматыда әнші, биші және режиссерлерден дәріс тыңдайды.

Сондай-ақ, жас композиторлар балаларға арналған әндер жазады.

Байқаудың жартылай финалы 16, 17 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Жеңімпаз Түрікменстанның Мары қаласында өтетін халықаралық «Bala Turkvizyon» байқауының гранд-финалында Қазақстан намысын қорғайды. 

Хабарламаларға жазылу