«Сіз не дейсіз?» хабарында – Монсей Гольдберг - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Монсей Гольдберг

15.06.2015
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Монсей Гольдберг

Соғыс ардагері Монсей Гольдберг жазу өнеріне балалық шағынан құштар болған. Кітапты да құныға оқыпты. Тіпті, жасөспірімдерге арналған «Пионерская правда» газетінде тырнақалды туындылары жарық көрген.

Әкесі колхоз төрағасы болып жүргенде жалған жаламен ұсталып кеткеннен кейін анасы мен жалғыз қарындасы үшеуі Украинадан Қазақ еліне, Керекуге қоныс аударады. Осы өлкеден 1943 жылы әскер қатарына шақырылған.

Ұланғайыр қазақ жерінде 70 жылдан аса уақыттан бері тұрып жатқан ақсақал халқымыздың көрнекті тұлғаларымен сыйлас, сырлас болған.

Ардагердің әңгімесін бүгін 23:40-та «Сіз не дейсіз?» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу