2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы матч 12 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Осыған орай «KAZsport» телеарнасының спорт комментаторы Ермек Төрениязов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Ұлттық құрама бұған дейін Түркиямен бес рет кездескен. Бес ойында да қазақстандықтар өкінішке қарай жеңіліс тапты. Бірақ, бүгінгі ойында жеңіске жетеді, деп сенеміз. Жалпы, үлкен футбол Алматыға араға біраз жыл салып, қайта оралып отыр»,-дейді Ермек Төрениязов.
«Түркия құрамасы – мықты командалардың бірі. Еуропа чемпионатында жүлде алды. Бірақ, қазір команда жаңару үстінде. Жас ойыншылар өте көп. Команданың бас бапкері Фатих Тирин – білікті маман. Түркия командасын талай мәрте биікке жетелеген бапкер».
«Біздің командаға соңғы кездері сәттілік жетіспей жүр. Чехиямен, Голландиямен болған кездесуде жақсы ойын көрсетті. Латвиямен тең ойнады. Бірақ, турнир кестесінде ең соңғы орында тұрмыз. Бір ғана ұпайымыз бар. Бүгінгі ойында ұпай саны артады, деген ойдамыз. Жанкүйерлердің де жеңіс көргісі келетіні белгілі. Біздің команда бүгін кем дегенде тең нәтиже көрсетуі тиіс».
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.