Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
Алматыда ерекше балаларды, жастарды және мүгедектігі бар жандарды қолдауға бағытталған «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті. Мерекелік шараның мақсаты - Алматыны инклюзивті мәдениеттің орталығына айналдыру, - дейді ұйымдастырушылар.
Фестиваль жақында өткен Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күніне орай өткізілді. 2,5 сағатқа созылған шоу барысында шығармашылық шеберлік сабақтары өтіп, балалар мен жастардың қойылымдары көрсетілді. Танымал өнерпаздар қатысқан концерттік бағдарлама, инклюзивті ойын алаңдары мен фотоаймақтар келушілердің көңілінен шықты. Фестивальдің негізгі мақсаты - балалардың қабілеті мен талантына қолдау көрсету. Ұйымдастырушылар «Жүректен жүрекке» фестивалін жыл сайын өтетін қалалық мәдени дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.
Марат Жапаров, ұйымдастырушы:
Алматы облысында өтті. Енді республикалық шараны Талғарда өткізгіміз келіп отыр. Соған Оксана мен Зейнептің арманы Димаш Құдайбергеновті шақырып, бірге өлең айтқысы келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы