Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
Оралда бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шығып, газ ауа қоспасының жарылысы болды.
Төтенше жағдайлар қызметіне үйдің үшінші қабатында балкон терезесінен қатты түтін шыққаны туралы хабар түседі. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар пәтерде тұрмыстық бұйымдар мен жиһаздың өртеніп жатқанын анықтайды. Бір мезетте газ ауа қоспасы жарылып, терезенің жақтауы мен балкон әйнегі қирайды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар да дін аман. Көршілердің айтуынша, пәтерде ешкім тұрмайды. Өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қызыл жалын 20 минутта тоқтатылып, 5 минутта толығымен сөндірілді.
Нұрсұлтан Серіков, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы:
Құтқарушылардың дер кезінде эвакуациялауының арқасында тұрғын үй ауыр зардаптардан аман қалды. Өрт 10 шаршы метрде толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 23 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Тұрғындардан қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сұраймыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17