Ол – көкті бағындырған ару. Ол – 30 сағат ұшу сабағынан сүрінбей өткен жеті түрлі тіл білетін қазақ аруы. Ол – ілімі мен білімі үндескен қазақ қызы.
Зүлфия Бақыт «Turkish Airlines» компаниясында борт қызметкері болып жұмыс істейді. Жолсерік қызметіне келу оның бала кезгі арманы екен. Осы салада жүргеніне 2,5 жылдан асса да, «әр шыққан сапарым үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет етеді»,-дейді ол.
Әуеде қалықтаған ұшақ қанша жерден қауіпсіз болса да, межелі жерге дейін жолаушылардың бүкіл қауіпсіздігі, жағдайы жолсеріктің басты назарында. Сондықтан болар, бұл қызметке келу үшін арнайы үш айлық дайындық курсынан өтеді.
Алғашқы көмек көрсетуден бастап, жүзу, биіктіктен секіру, тіпті керек кезінде психолог болуды да игеріп шығады.
Тілді біліп қана қоймай, жолаушылармен тығыз байланыста болу – басты міндет.
Толығырақ «Таңшолпанда».