Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді

26.07.2021

Үшінші қола. Токио ойындарында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Отандасымыз Зүлфия Чиншанло зілтемір көтереуден қоссайыстың нәтижесі бойынша қола медальді еншіледі. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Зүлфия жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді.

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн иеленді. Осылайша Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды.

Зүлфия - әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында да жеңіске жеткен болатын. Алайда доппинг дауына байланысты Бразилия еліндегі Олимпияда ойындарына қатыса алған жоқ. Енді күншығыс еліндегі сайыста отандасымыз өзінің шын мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу