Павлодарда өткен «Менің Қазақстаным» форумына 5 мың адам қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда өткен «Менің Қазақстаным» форумына 5 мың адам қатысқан

04.06.2015
Павлодарда өткен «Менің Қазақстаным» форумына 5 мың адам қатысқан

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен өткен акцияға 1,5 мыңға жуық жас концерттік бағдарламаға қатысып, өнер көрсетті.

Форум барысында сөз алған Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, жастарды ұлтжандылыққа шақырды.

Облыс әкімдігі атынан әр түрлі салада өңір дамуына елеулі үлес қосып жүрген 22 жас «Жас патриот - 2015» аталымдары бойынша марапатталды.

«Менің Қазақстаным» форумы кешкі сағат 20:00-де орталық жағалауда Павлодар эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдармаламен жалғасын табады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі шараның орталық жағалауда өтуі – биылғы жылғы форумның басты ерекшелігі.

Айта кетерлігі, мереке барысында 730 адам флэшмобқа қатысып, би биледі. Сондай-ақ, шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 200 тәртіп сақшысы жұмылдырылды.

 

Фото: Pavlodarnews.kz

 

Хабарламаларға жазылу