Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
Маңғыстауда Каспий теңізінде арнайы қоршаудың ішінде балық өсірілетін болады.
Бұл - Орталық
Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы. Оның аясында 3 үлкен тор қоршау
мен арнайы якорь жүйесінен тұратын жабдық Құрық порты аумағындағы теңізге түсірілді. Ол
порттан 20 шақырым жерге, су ішіне орнатылды. Жобаның екінші кезеңінде тор
қоршамалары балықпен толтырылады. Табиғи ортада каспий албырты тұқымдас балығын
өсіру көзделіп отыр. Алғашқы жылдары шамамен 1600 тонна, кейін жылына 5 мың
тоннаға дейін өнім алынбақ. Жоба аясында 80-нен астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Нұрдәулет Бекішев,
жобаның құрылтайшысы:
Енді балық шабағын әкеліп, өсіріп, оған жем беріп, күтіп-баптау қажет. Оның нәтижесін, құдай қаласа, келесі көктемде көреміз. Болашақта бұл іс мұнай саласындай ірі өндіріске айналады деген сенімдеміз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16