Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
Астанада пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды. Оған Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысады. Турнир айналмалы жүйе форматында өтіп жатыр. Яғни, барлық команда бір-бірімен кездеседі. Нәтижесінде, үздік екі құрама A тобына, ал қалған командалар C тобына түседі. Сонымен қатар, бұл чемпионатта алдағы Паралимпиадаға іріктеу турниріне қатысуға мүмкіндік беретін екі жолдама сарапқа салынады. Іріктеу кезеңі 5–10 қараша аралығында Норвегияда өтеді. Пара хоккейден жаһандық жарыс елорда да екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы сайыс 2023 жылы өтті. Ол кезде құрамамыз 4-орынға ие болған еді. Биыл жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшімізді саламыз,-дейді федерация басшылығы.
Мишель Ла Флейм,
Халықаралық пара хоккей федерациясының өкілі:
Астанаға екінші рет келіп отырмыз. Ұйымдастыру деңгейі жоғары, бізге де, қатысушыларға да ұнап жатыр. Бұл – Милан–2026 Паралимпиадасына апарар жолдың бір бөлігі, сондықтан маңызы зор. Қазақстандық параспортшылардың деңгейі өсіп келеді. Ал нақты нәтиже бүгінгі ойындардан көрінеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
