«Шарапат» тобы: «Сарыарқа» альбомына көбіне сал-серілердің әндерін енгіздік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шарапат» тобы: «Сарыарқа» альбомына көбіне сал-серілердің әндерін енгіздік

03.06.2015
«Шарапат» тобы: «Сарыарқа» альбомына көбіне сал-серілердің әндерін енгіздік

Бүгін «Шарапат» тобының жігіттері – жетігенші Рафхат Ізден,  вокалист Есбол Шаңбай, бас домбырашы  Қанат Ботабаев  «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.

«Шарапат» тобы былтыр маусым айында құрылған. Топтың бағыты – этно-рок. Халық әндерін заманауи бағытта әрлеп, халыққа ұсынамыз. 2014 жылы «Сарыарқа» атты алғашқы үнтаспамызды шығардық. Топтың құрылуына келер болсақ, Нұржан Тойшы деген ағамыз мұның алдында «Алдаспан» тобын құрды. Бірақ, онда тек электроаспаптар болса,  бізде жетіген қосылды»,-дейді Есбол Шаңбай.

«Электрожетігеннің үнінде  дәстүрлі жетігеннің үніне қарағанда, 60-70 пайыз өзгешелік бар. Себебі, дыбыс қабылдағыш пен темір ішектен жасалған.  Бұл – үлкен стадиондарда, залдарда құрылатын аспаптардың мүмкіндігіне сай келеді»,-дейді жетігенші Рафхат Ізден.

«Алғашқы альбомымызға көбіне сал-серілердің әндерін енгіздік. Одан бергі композиторлардың да шығармалары бар.  Сосын өзіміздің «Ару» атты жаңа әніміз енді. Ал топтың «Сарыарқа» аталу себебі – Ақселеу Сейдімбек ағамыздың «Сарыарқа» әнінің мазмұны бізді толқытты, сәйкесінше, атауын да солай қалдырдық»,-дейді олар.

«Шарапат» тобының өнерін «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу