Биыл Нартай Бекежановтың туғанына – 125 жыл
Биыл Халық ақыны, әнші, композитор Нартай Бекежановтың туғанына 125 жыл толды. Осыған орай, әнші Нартай мектебінің түлегі Талғат Тоқсанбайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Жалпы, Сыр елінде үш мектеп қалыптасқан деген ұғым бар. Нартай мектебі де Үкілі Ыбырай, Біржан сал мектептерімен қатар тұр. Облыста Нартай атында театр, музей бар. Нартайдың үлгі тұтқан адамдары – Иманжүсіп, Қажымұқан»,-дейді Талғат Тоқсанбайұлы.
«Нартайдың әлі де танылмаған әндері жетерлік. Ақынның 125 жылдығына орай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр».
Әнші бағдарлама барысында Иманжүсіптің «Ерейментау» және Нартайдың «Өздерің білер Нартаймын» әндерін орындап берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29