«Замана бұлбұлдары» Кенен Әзірбаев туралы сыр шертеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Замана бұлбұлдары» Кенен Әзірбаев туралы сыр шертеді

25.08.2014
«Замана бұлбұлдары» Кенен Әзірбаев туралы сыр шертеді

Ол «ән мен жырдың кеніші» атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер иесі.

Кенен Әзірбаев соңына өлмес мол мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазыналарын бүгінгі өмірімен сабақтастыруға өлшеусіз үлес қосқан өнерпаз.

К. Әзірбаев шығармаларының басты тақырыбы - біртұтас халық өмірі, сондай-ақ, әрбір адамның жеке үміттері мен армандары.

Бүгінде композитордың әндерін Алтынбек Қоразбаев, Рамазан Стамғазиев,  «МузАРТ», «Жігіттер», Саят Медеуов және тағы да басқа қазақ эстрадасының әншілері орындап келеді.

Бүгін 11.35-те «Замана бұлбұлдары» хабарының  3-ші бөлімінде Кенен әндерін тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу