«Жанбота» әні – «Телқоңырда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жанбота» әні – «Телқоңырда»

19.05.2014
«Жанбота» әні – «Телқоңырда»
Біржан сал  заманындағы қоғамның шынайы бет-бейнесін көрсеткен әндердің бірі – «Жанбота». Бұл әннің шығу тарихы туралы  халықтың дәстүрлі әндерін зерттеуші, әнші Ерлан Төлеутай былай дейді:
 
«1865 жылдың жаз айы. Омбыдан «генерал-губернатор келе жатыр» деген хабар алыс-жақын аймақты түгел шарлап, қалың ел әуре-сарсаңға түскен. Әсіресе болыс, старшындар қатты әбігер үстінде. Бұл аймақтағы көп болыстың ішіндегі ең көрнектілері - Азнабай мен Жанбота. Азнабай - жуан тұқым Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның Біржан сал айтпақшы, «сегіз болыстан шені артық».
 
Жанбота болыстың шақыртуымен сол ауылға келіп, ән салған Біржанға ел көңілінің ауып кеткеніне намыстанған, бір жағы - генерал-губернатор келмей жатып, Жанбота ауылының той-думанға айнала бастағанын жақтырмаған Азнабай поштабайын жұмсап: «Тоқтат Біржанды!», деп бұйырады.
 
Поштабай барып бұйрықты жеткізсе, Біржан тоқтамайды. Поштабай әуелі қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Домбыраны бермеген соң, қамшымен Біржанды тартып жібереді. Денесіне қамшы тиген Біржан намыстанып, жан айқайы – «Жанбота» әнін шығарған»,-дейді.
 
Әннің шығу тарихы туралы не білесіз? Бүгін 12.50-де «Телқоңырды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу