Айқын Үкілі Ыбырайдың жауһарын жарқыратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын Үкілі Ыбырайдың жауһарын жарқыратты

05.11.2017

Сал-серілердің әндері уақыт өткен сайын жайнай түсетін жауһар. Қазақстанның үкілі үміті Айқын бүгін Үкілі Ыбырайдың жауһарын жарқыратты. Ол «Гәкку» әнін орындады.

«Әрине, мен үшін үлкен жауапкершілік, себебі, қазақ әндерін бүгін бәрі орындайды. Қазақ әндерін біреу менен артық айтса ұят. Сондықтан, өзімді барынша жақсы жағынан көрсетуге тырысамын», - дейді Айқын.

Сонымен қатар, Айқын өзінің Отанын қаншалықты жақсы көретінін айтып, Қазақстанға деген махаббаты шексіз жеткізді.

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):

- Мен бұл әнді бірінші рет Медеу Арынбаевтың орындауында естігенмін. Екеуміз 1994 жылы халықаралық «Азия дауысы» фестивалінде кездесіп, танысқан едік. Сол фестивальде ол осы әнді айтқан. Мен бұл әнге ғашық болып қалдым. Керемет әдемі орындау болды, өңделуі де керемет еді. Әнді негізі жақсы орындадың. Бірақ, мен Арынбаевтың айтқан нұсқасын есте сақтап қалыппын. Басқа орындауларды естіген де емеспін. Бірақ, сен бүгін жақсы орындап шықтың, Айқын, жарайсың!

Хабарламаларға жазылу