«ЯРКОкросс» марафонына 12 мың алматылық қатысуға өтініш білдірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЯРКОкросс» марафонына 12 мың алматылық қатысуға өтініш білдірген

02.06.2015
«ЯРКОкросс» марафонына 12 мың алматылық қатысуға өтініш білдірген

«Биылғы жүгіруге Алматы, Астана, Шымкент қалаларының тұрғындары қатысады. Қатысушылардың саны рекордты көрсеткішке жетті», - деді «Posadiderevo.kz» қоғамдық ұйымының өкілі Дәурен Жолдасбаев.

Жүгіру маршруты ҚР Тұңғыш Президенті паркінде 5 станция арқылы өтеді. Еріктілер өз кезегінде қатысушыларды түрлі-түсті бояу ұнтақтарымен шомылдырмақ. Бояу-ұнтағының негізгі құрамы крахмал болғандықтан, экологиялық таза өнім. Биылғы кроссқа 8 тонна бояу дайындалған.

«ЯРКОкросс» Қазақстанда 2013 жылдан бері өтіп келеді.

Хабарламаларға жазылу