Ақтөбеде онлайн-марафон жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде онлайн-марафон жеңімпаздары анықталды

18.11.2021

«Тұрақтылық бастауы - өзіміз» деп аталған республикалық трансформация марафонына қатысуға 1400-ге жуық адам өтініш берген. Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұйымдастырған шара нәтижесінде 36 қатысушы жеңімпаз атанды. Солардың бірі  - ақтөбелік оқушы Амалия Шамсутдинова. Ол онлайн марафоннан дұрыс тамақтануды, табиғатты аялауды үйрендім дейді. Вебинарлар арқылы білікті мамандардың кеңесіне құлақ түріп, өмір салтын өзгерте алды. Қазір ол экология мен дұрыс тамақтануға арналған оқулықтар мен интернет ресурстары арқылы білімін кеңейтуге ден қойған.

Амалия Шамсутдинова,  марафон жеңімпазы:

Мен бұл марафон туралы мұғалімімнен естідім. Бірден қызығушылығым оянып, қатысуға бел будым. Біз бір ай бойы әр түрлі тапсырмаларды орындадық. Білікті спикерлердің онлайн-тренингтеріне қатыстық. Маған ерекше ұнады. Нәтижесінде өмір сүру салтымды түбегейлі өзгерте алдым деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу