1 маусымда Астанада шомылу маусымы ашылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Астана қаласы ТЖД суда құтқару қызметінің хабарлауынша, жыл сайын Астанада 14-25 адам суға кетіп қайтыс болады. Зардап шеккендердің жалпы санының 70-75 пайызы 30 жасқа дейінгілер, ал 20-30 пайызы балалар мен жасөспірімдер.
2014 жылы Астана қаласы аумағында 25 адам судан құтқарылса, суға батып қаза болғандар саны 25 адамды құрап отыр. Айта кетейік, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі мас күйде шомылудың, судағы өзін-өзі ұстау ережелерін білмеудің және сақтамаудың салдарынан орын алады.
Ағымдағы жылы суға 5 адамның батып кету жағдайы тіркелді.
Шомылу кезеңі 1 маусымнан басталады.
Дені сау, шыныққан адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың температурасы +18°С, ауа температурасы +22°С болу керек.