XIII Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XIII Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті

26.05.2015
XIII Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті

23-24 мамырда Нидерланды астанасы Амстердам қаласында XIII Еуропа қазақтарының құрылтайы өтті. Шараға 40 мемлекеттен 2 мыңға жуық адам қатысты.

Құрылтайдың алғашқы күнінде футболдан турнир және Елісхан Әліпұлы атындағы жүгіруден сайыс ұйымдастырылды. Ал, 24 мамырда дөңгелек үстел өтіп, Еуропадағы қандастарымыздың бүгінгі тынысы, жай-күйі баяндалды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, XIII Еуропа қазақтарының құрылтайына қатыстан қазақстандық делегация құрамында Қазақ радиосының саяси шолушысы Жазира Амантайқызы да бар.

Құрылтай туралы толық ақпаратты жуырда Қазақ радиосынан тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу