Парижде Еуропа қазақтарының құрылтайы басталды
Парижде Еуропа қазақтарының құрылтайы басталды. Шараны Франциядағы елшіліктің қолдауымен «Отандастар» қоры Франциядағы қазақ-түрік қоғамымен бірігіп ұйымдастырды. Мақсат - шеттегі қандастардың түйткілді мәселесін анықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Әдетте екі жылда бір ұйымдастырылатын құрылтай пандемияға байланысты үш жыл өткізілмеді. Көптен бері бір-бірін көрмеген Еуропа қазақтары елден келген делегация өкілдерімен қауышып, мәре-сәре болып жатыр. Жас ұрпаққа ұлттық құндылықты дәріптеу үшін елордалық қолөнер шеберлері құрақ құрау, тақия, қамзол тігуден шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр. Шеттегі қандастардың жүрекжарды лебізін бірге тыңдайық.
Гаухар Әлімханова, Финляндия қазақтарының «Сәуле» мәдени орталығының төрайымы:
Қазақстан десе жүрегіміз лүп-лүп етеді. Елімізге аманшылық тілейміз, жұртымызға тыныштық тілейміз.
Есімхан Нәзір, Франциядағы қазақ қауымдастығының президенті:
Отанымыз, Қазақстанымыз бар болсын. Сол жердегі қазақ еліміз, қарагөз ағайын-туыстарымызға Париж қаласынан дұғай-дұғай сәлем айтамыз.
Жасөпірімдер асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындардан өзара бақ сынасып жатыр. Еуропадағы қазақтар мен елден келген спортшылар, барлығы 13 команда арасында футболдан жарыс өтуде. Құрылтай ертең де жалғасады. Кәрі құрлықтағы қазақ мәдени бірлестіктерінің отырысы болады. Сондай-ақ, ұлттық өнерге сусаған қандастарымыз қазақстандық өнерпаздардың концертін тамашалайды.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17