Германияда Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы өтті

16.05.2016
Германияда Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы өтті

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсултан Назарбаевтың құттықтау жолдауын оқыды. Елбасы қазақ диаспорасын келе жатқан Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-ші жылдық мерейтойымен құттықтап, «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясының кағидаларына сәйкес, ана тілін сақтау және дамыту, мәдениет және ұлттық салт-дәстүрді, тарихи Отанымен байланысын нығайту сияқты мәселелердің маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстандық дипломат мемлекет тарапынан қазақ диаспорасын қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Мысалы, 2014 жылы Берлинде ашылған Қазақ мәдени-экономикалық орталығында қазақ әдебиетінің классиктері, кәзіргі заманғы қазақ авторлардың әдибеттері, қазақстандық журналдар мен газеттер, оқулықтар, сөздіктер, мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістеме құралдары, сонымен қатар баспасөз және еліміз туралы танымал электрондық өнімдер ұсынылады. Осы барлық материалдар қазақ диаспораның өкілдері үшін қолжетімді және талап етілуде. 2010 жылы Берлиндегі Гумбольд университеті жанында ашылған «Қазақстан және қазақ тілі» қызмет етіп жатқан Лекторат қазақ диаспорысының жастарына ана тілін үйренуге, Қазақстанның тарихын және қазіргі заманғы дамуымен танысуға мүмкіндік береді.

Неміс тарапынан Бундестаг депутаты, қаңдастарымыз Генрих Цертик сөз сөйлеп, тұрып жатқан 800 мың этникалық немістер үшін  тарихи отанымен байланыстардың қолдау және дамуының маңыздылығын атап өтті. Германияда тұратын этникалық қазақтардың өзіндік ерекшеліктеріне ол ерекше назар аударды. Г. Цертик неміс халқы қазақтар оларды өз отбасына қабылдап және ажалдан арашалап алып қалу туралы әр қашан есте сақтап, құрметтеу болатынын атап өтті.

Еуропалық қазақтары Қоғамдастығының Басшысы Абдул Каюм Кесичи өз сөзінде еуропалық отандастардың басқосуларын өткізу соңғы он жылда жақсы дәстүрге айналып отырғанын атап өтті. Оның басты мақсаты – өз елінің ұлттық мұрасы мен мәдениетін жастардың естеріне салу. Мұндай кездесулердің өз тарихи Отанынан алыс тұратын қазақтар үшін үлкен маңызы бар. Ең бастысы – осындай Құрылтайлардың отандастар үшін аса өзекті мәселелерді талдауға, оларды шешуге мүмкіндік беретін орынға айналғандығы. А. Кесичи Еуропада тұратын қазақстардың атынан қаңдастарға жеке қолдауы және қамқорлығы үшін Елбасына алғыс білдірді.

Құрылтай шеңберінде жастар арасында түрлі байқаулар, спорттық сайыстар, суреттер көрмесінің ашылуы, сонымен қатар балалар мерекесі өткізілді.

Танымал қазақ әншілердің орындауындағы дәстүрлі және заманауи музыка мәдениетінің біртума шығармалары аталған шараға ерекше ұлттық нақыш берді.

Еуропадағы қазақ қауымдастығы 7 мың адам құрайды. Негізінде бұл этникалық қазақтар, олардың арғы аталары көп жылдар бұрын әртүрлі елдерден Германияға көшіп келді.

 

Хабарламаларға жазылу