М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Абай» трагедиясы сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Абай» трагедиясы сахналанады

19.05.2015
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Абай» трагедиясы сахналанады

Бүгін, 19 сәуірде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясы сахналанады.

Қойылымда шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ішіндегі жақсыны көре-тани білген, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген ұлы ақынның адами тыныс-тіршілігі, зұлымдықпен алысқан, соқтықпалы, соқпақты өмірі суреттеледі.

Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы ашылады. 

Қоюшы режиссері - Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Есмұхан Обаев.  Қоюшы-суретші - Ерлан Тұяқов.

 

Хабарламаларға жазылу