Әуезов театрына электронды билет алыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуезов театрына электронды билет алыңыз

23.01.2014
Әуезов театрына электронды билет алыңыз
М.Әуезов театры директорының орынбасары – Талғат Есенәлиевтің айтуынша, Қазақстанның барлық театрында болмаса да, біраз басты театрларда бұл жүйе қолданыста.  
 
Осыған орай, біз М.Әуезов театры директорының орынбасарымен сұхбаттасқан едік.
 
«Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен «Қазақконцерт» бірлестігі де бұл жүйемен жұмыс істеп жатыр. Ал біздің театрда бұл осы қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізілді. Театр билеттерінің барлығы электронды түрде сатылатын болады. Онда қойылымның күні, жанры, авторлары, қысқаша аннотациясына дейін көрсетілген»,-дейді ол.
 
Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу