Елбасы С.Оразбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтың М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін С.Оразбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
С.Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ М.Әуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09