Ресейлік боксшы М.Коробов 23 сәуірде әлем чемпионы Г.Головкинмен кездесуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік боксшы М.Коробов 23 сәуірде әлем чемпионы Г.Головкинмен кездесуі мүмкін

24.01.2016
Ресейлік боксшы М.Коробов 23 сәуірде әлем чемпионы Г.Головкинмен кездесуі мүмкін

Енді Әлем чемпионы атағына ұмтылып отырған ресейлік Матвей Коробовтың командасы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы мен Халықаралық бокс федерациясы дәрежелері бойынша әлем чемпионы,  қазақстандық Генадий Головкинмен кездесу ұйымдастыру жөнінде келісссөздер жүргізіп жатыр.    

Бұл туралы М.Коробов ТАСС агенттігіне хабарлады.

«Қазір келіссіздер жүргізіліп жатыр. Әзірге кездесу 23 сәуірге жоспарланып отыр. Әрине, мен бірден кездестім. Мен бұл мүмкіндікті көптен бері күтіп жүрдім және біз осы уақытқа міндетті түрде дайын боламыз»,-деді М.Коробов.  

М.Коробов 16-қаңтарда бір жыл үзілістен соң мексикандық Хосе Овандоны ұпай есебімен жеңді. Ресейліктің ұпайында барлығы 25 жеңіс бар (оның 14-і нокаутпен) және кәсіпқой рингте бір рет жеңілді. Головкин болса, канадалық Дэвид Лемьені нокаутпен жеңді. Бүгінгі таңда салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысы саналатын қазақстандықтың есебінде 34 жеңіс бар (оның 31-і нокаутпен). Ол бірде бір рет жеңілмеген.   

Хабарламаларға жазылу