Абель Санчес Геннадий Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылардың есімін атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абель Санчес Геннадий Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылардың есімін атады

07.03.2015
Абель Санчес Геннадий Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылардың есімін атады

Орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес радиоэфирде Геннадийдің қарсыласы болуы мүмкін боксшылардың есімін атады.

«Мамыр айында Геннадий Головкинмен бәсекелесе алатын бірнеше боксшы бар. Биыл 4 кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Белгілі боксшылармен кездесе алмасақ, рейтингтің жоғары жағында орналасқандармен күш сынасамыз. Ғаламторда жиі кездесетін үш-төрт есімді айта аламын. Олар: Вилли Монро, Туреано Джонсон және WBC рейтингінде үшінші орында тұрған Аргентина өкілі Хорхе Хэйланд. Егер олар Головкинмен жұдырықтасудан бас тартса, рейтингтегі келесі адаммен күш сынасамыз», – деді Санчес.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 21 ақпан күні британиялық Мартин Мюррейді 11 раундта техникалық нокаутпен ұтқан.

Хабарламаларға жазылу