Сарыағаштағы көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаштағы көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енбек

14.05.2015
Сарыағаштағы көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енбек

Сарыағаштағы көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында наурыз айында бұрын-соңды болмаған көкпар тартылғаны белгілі. Көкпарға 12 мыңға жуық адам қатысқан еді. Шабандоздар санынан жер қайысқан сол көкпардың Гиннес рекордтар кітабына енетіні мәлім болды. YouTube порталынан бұл көкпарды қызықтағандардың саны 100 мыңға жуықтаған.

Ірілі-ұсақты бағалы сыйлықтарды қоспағанда, Сарыағаштың бұл көкпарында төрт салымға - төрт жеңіл автомобиль тігілді.

Хабарламаларға жазылу