Әлемдегі ең ұзын адам ең кішкентай адаммен кездесті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ұзын адам ең кішкентай адаммен кездесті (ФОТО)

14.11.2014
Әлемдегі ең ұзын адам ең кішкентай адаммен кездесті (ФОТО)

Әлемдегі ең ұзын адам түрік Сұлтан Кесен дүниежүзіндегі ең кішкентай адам саналатын непалдық Чандра Дангимен кездесті, деп хабарлайды The Telegraph.

Кесеннің бойы – 251 сантиметр болса, Дангидің бойы небәрі 54,6 сантиметр екен.

Ерекше жандардың кездесуі Лондонда өткен Гиннестің рекордтар кітабының 60 жылдығы кезінде болды. Олар өзгелерге ұқсамайтын ерекше жандардың өмірдегі қиындықтары туралы әңгімелесті. Британия астанасы оларға қатты ұнаған көрінеді.

Кесен рекордсмен ретінде 2009 жылы тіркелген. Мұның алдында ең ұзын адам ретінде қытайлық Бао Сишунь болған. Оның бойы – 236 сантиметр. Сонымен қатар, ресми тіркелмеген тағы бір рекондсмен украиналық Леонид Стадник еді. Ол 2014 жылдың тамыз айында қайтыс болды. Ол Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің өлшем алуына түбегейлі қарсы болған. Бұған себеп – танымалдылықтан қашу еді.

Ал, Данги Гиннестің рекордтар кітабына 2012 жылы 72 жасында тіркелді. Ол бұл кітапқа кездейсоқ енді. Әлемдегі ең кішкентай адамды непалдық ағаш кесуші байқап қалады. Кейін Дангиге Гиннестің рекордтар кітабына тіркелуге кеңес береді. Ол кітапқа осылайша енеді. Бұған дейін кітап туралы Данги естімеген де екен.

Фото: reactor.inform.kz

Хабарламаларға жазылу