Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

06.04.2022

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанған ең жас шахматшы қыз ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл жетістік 2021 жылы 30 желтоқсанда Польшада өткен байрақты бәсекедегі шахматшының жеңісі үшін тіркелді. Ол кезде Бибісара 17 жаста еді. Бұл осы спорт түрі бойынша қазақстандық спортшылардың рекордтар кітабына алғаш енуі.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу