Соғыс басталғанда Нұркен Орынбордың авиациялық училищесінің курсанты еді. Оқуды бітіргеннен кейін оған қысқамерзімді демалыс беріледі, бірақ, ол демалыстан бас тартады. «Мен фашистердің үнін ажал оғымен өшіру үшін асығып, үйге бармадым...», деп жазады ол жазған хатында.
1942 жылы 9 қазанда сержант Нұркен Әбдіров 267-шабуылшы авиация дивизиясының құрамына кіретін 808-шабуылшы авиация полкіне келеді. Ал, 23 қазанда ол тұңғыш рет жауынгерлік тапсырмамен ұшады.
«Менің қолыма қорғасыннан жауға «сыйлық» тартатын тез ұшатын самолет тиді, - деді ол ұшар алдына жазған хатында. – Егер фашистерді біз жоймасақ онда олар бізді жояды, көңілді, бақытты өмір қайтып оралмайтын болады...».
Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ерлігі туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көре аласыздар.