«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Павел Букаткин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Павел Букаткин

15.05.2015
«Ұлы Жеңіске – 70  жыл». Павел Букаткин

Соғыс ардагері Павел Букаткин – соғыс тарихын жазысуға үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі. Ол 100-ден астам очерк пен көптеген мақала жариялады. Осылайша, өзі көзімен көріп, бел ортасында болып қайтқан зұлмат соғыстың бізге белгісіз беттерін ашып көрсетуге тырысты.

Көпшілік Павел Букаткинді тарихшы ретінде жақсы біледі. Ол өзінің саналы ғұмырын соғыс тарихын жазуға арнады. Соның ішінде II Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Ақжайық өңірін, халықтың сол уақыттағы тұрмыс-тіршілігін түбегейлі зерттеп, Қазақстан жерінде де әскери іс-қимылдардың жүргізілгендігін дәлелдеді.

Ардагер 1943 жылдан бастап ұрысқа араласты. Курск доғасындағы мотоатқыштар полкінің 96-шы ротасында взвод командирі болды. Майдан даласында жүріп, 1-ші, 4-ші Украина және Беларусь майданына қатысып, Жеңісті Прагада қарсы алады.

Майдангердің көзсіз ерлігі турасында толығырақ бүгін 22:40-та «Ұлы Жеңіске – 70  жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу