«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Нағи Ілиясов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Нағи Ілиясов

04.05.2015
«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Нағи Ілиясов

Нағи Ілиясов ұрысқа алғаш Сталинград майданындағы 152-атқыштар бригадасының жеке артиллерия дивизионының барлаушысы ретінде Астраханьға таяу маңда Халхута елді мекенінінің  маңында кіреді.

Астрахань қаласынан 80 шақырым жерден Берлинге дейін жетеді. Майдангер   Ростовты, Донбассты, Украинаны, Польшаны, Будапештті, Венаны тағы басқа қалалар мен аймақтарды жаудан азат етуге қатысады.

Нағи Ілиясов 1920 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы «Қызыл коммуна» колхозында  №8 ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін Ташкентке өз бетінше оқуға барып, балалар үйінде тәрбиеленеді. 

1936 жылы 7-сыныпты бітіріп, Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінде жұмысшылар факультетінде оқуын жалғастырады. 1939 жылы Ташкент педагогикалық училищесін бітірген Нағи Ілиясов елге келген соң қазақ тілі, неміс тілі, орыс тілі және тарих пәндерінен сабақ береді.

Мерген туралы толығырақ бүгін 22:40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу