Марат Бисенғалиев: Мақсатымыз – қазақтың классикалық ән өнерін дәріптеу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Бисенғалиев: Мақсатымыз – қазақтың классикалық ән өнерін дәріптеу

12.05.2015
Марат Бисенғалиев: Мақсатымыз – қазақтың классикалық ән өнерін дәріптеу

Астанада «Мамыр түндері» кеші өтті. Осыған орай танымал скрипкашы, музыкант ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Мен Елордамыз Астанада өнер көрсеткенімен дән ризамын. Карл Дженкинстың  сюиталарын орындадым. Карл Дженкинстың елімізде дирижерлық етуі үлкен жаңалық. Өйткені, ол әлемдегі ең танымал композиторлардың қатарында»,-дейді Марат Бисенғалиев.

«Карл Дженкинс Қазақстанға бірінші рет келіп отырған жоқ. Біздің дос болып келе жатқанымызға 10 жылдан асты. Екеуміз бірлесіп «Реквием» атты альбом жазған болатынбыз. Міне, содан бері тығыз шығармашылық байланыстамыз.

Болашақта әлі талай туындыларды бірлесіп жазамыз, деген жоспар бар. Өйткені, біздің негізгі көздеген мақсатымыз – қазақтың классикалық ән өнерін дәріптеу, күллі әлемге паш ету».

Айта кету керек, аталмыш кеш 13 мамыр күні  Алматыдағы Республика сарайында жалғасын табады.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу