ШҚО-ның Абай ауданында Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдық мерейтойы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-ның Абай ауданында Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдық мерейтойы аталып өтті

29.04.2019

Қазақтың дәстүрлі ән өнерін зерттеп, дамытқан тұлғаға арнап Қарауылдағы саз мектебінен сынып ашылып, мүсіні қойылды. Шара «Алаштан ән оздырған Жәнібек» атты оқушылар арасындағы І республикалық ән байқауымен жалғасты. Оған еліміздің 9 облысынан 50-ге тарта қатысушы келген.

Өнер майталмандарының айтуынша, бұл - елімізде жастар арасында өтіп тұрған ең ауқымды сайыс. Қазақтың дәстүрлі ән өнерін жас буынның арасында дамыта түсу үшін арнайы 8 бен 15 жас аралығындағы өнерпаздар таңдалып алынған.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу