Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы өтеді

04.10.2014
Астанада V халықаралық скрипкашылар конкурсы өтеді

Қазан айының 11 - 18 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен университеттің Орган залында V халықаралық скрипкашылар конкурсы өтеді. Бұл туралы Қазақ Ұлттық өнер университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конкуртың басты мақсаты - классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.

Конкурсқа - Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысады. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді: жеткіншектер тобы (15 жасқа дейінгі) және ересектер тобы (16 - 28 жас аралығы).

ҚазАқпарт

Хабарламаларға жазылу