Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында туған.
Бигелді атасының қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысқан уақыттарда колхоздан жалға жер алып, тау жақта жуа, жүгері екті.
Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйге қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Осылайша еңбекке ерте араласқан батыр ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түседі.
«Алғашқыда «У-2» деген ұшақпен ұшуды үйрендім», дейді өзі. Әйгілі ұшқыштың жолы осылай басталады.
Бүгін 12:20-да Ұлттық арнадан «Батыр Бигелдинов» деректі фильмін көріңіз.