Жеңіс күні - Ұлттық арнада! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс күні - Ұлттық арнада!

01.03.2014
Жеңіс күні - Ұлттық арнада!
Жеңіс - қазақ үшін қастерлі ұғым. 1941-1945 жылдар аралығындағы  соғысқа 35 миллион адам, соның ішінде 1,5 миллион қазақстандық қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерлігі үшін марапатталса, 500-ден астамы Кеңес одағының батыры, 142 адам Даңқ орденінің иегері атанды.
 
Мерекеге орай,  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендеріне үздік жобалар мен тарихи фильмдер ұсынады.
 
8 мамыр күні 11.50-де «Талғат Бигелдинов» деректі фильмі, 18.35-те «Қасым» телехикаясының 1-2-бөлімдері ұсынылады. 00.20-да қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерлігін баяндайтын  «Мергендер» драмасын көре аласыздар.
 
9 мамыр күні 11.15-те «Ұлттық шоуда» патриоттық әндер шырқалады. 13.25-те «Азаматым - айбыным!» атты  мерекелік концертті тамашалай аласыздар.  Ал, 14.55-те «Жарқын бейне» хабары   әскери қызметкер, генерал-майор Шәкір Жексенбаев туралы сыр шертеді.
 
 15.20-да «Дариға, сол қыз...» және 18.05-те «Біз соғысты көрген жоқпыз» арнайы тележобаларын тамашалай аласыздар.
 
18.35-те «Қасым» телехикаяның 3-4-бөлімдері көрсетіледі. «Айтуға оңай...» хабарының да осы күнгі шығарылымы Жеңіс күніне арналмақ.
 
Ал, Ұлттық арна көрермендерінің назарына 21.50-де ұсынылатын  «Ұлттық шоудың» бүгінгі тақырыбы - «Бақытым бар үшінші - Отан деген!».
 
23.45-те М.Бегалиннің «Ел басына күн туса» драмасы ұсынылады. Фильм  1941 жылы Мәскеу түбінде фашистерді тоқтатып, өздері шабуылға шыққан, аты аңызға айналған панфиловшылар дивизиясына арналады.
 
Ал, 02.05-те эфирге шығатын «Жарқын бейне» хабарынан Әлия Молдағұлованың тарихи бейнесін тереңірек тани аласыздар.

Хабарламаларға жазылу