Ұлттық арнада - «Жаужүрек мың бала» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Жаужүрек мың бала»

16.12.2014
Ұлттық арнада - «Жаужүрек мың бала»

«Жаужүрек мың бала» -  қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлікпен күрескен XVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кезде қазақ жасақтары бірігіп, басқыншыларға тойтарыс беріп, майданда шешуші жеңістерге жеткен еді.

Фильм  желісі бойынша, осы соғыста ел үшін күрескен жауынгер ер-азаматтар қатарында, жаужүрек Сартай батыр да ту көтеріп, өзі қатарлас өрімдей жас сарбаздарды жорыққа бастап шығады.

Мың бала атанған Сартай жасағы қарасы әлдеқайда көп жауға азғана қол қарсы шауып, арасалмақты қазақ әскері пайдасына өзгертеді.

Бүгін 00.45-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу