Астанадағы мектеп-лицейге Талғат Бигелдиновтің есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мектеп-лицейге Талғат Бигелдиновтің есімі берілді

01.11.2023

Астанадағы №1 мектеп-лицейге Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтің есімі берілді. Бұл күні мектепте батыр құрметіне әдеби кеш ұйымдастырылып, әскери-тарихи музейдің көшпелі көрмесі өтті.

Мектепке Талғат Бигелдиновтің есімін беру мәселесі ономастика комиссиясының отырысында қаралып, оң шешім шыққан. Мақсат - келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмір-тарихын, ерлік-еңбектерін кеңінен насихаттау. Бүгінде мұнда 2 мыңнан астам бала оқиды.

Еділ Ноғайбаев, ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері басқармасының аға офицері:

Осындай халқымыздың батырларының есімі мектепке берілуі жастарды әскери патриоттық бағытта дайындауға үлкен серпілісін білдіреді. Және осы мектепке батыр атамыздың батыр атағын берілуіне байланысты мектептің ұжымына батыр атамыздың портреті табыс етілді.

Лицейде Талғат Бигелдинов атындағы кабинет те ашылды. Мұнда батырдың фотосуреттері мен марапаттарының көшірмелері, ұшақтардың түрлі үлгілері қойылады.

Гүлжәмилә Әкімбетова, ұстаз:

Мектебімізге батыр атағы берілгенін мақтан тұтамыз. Және келешекте біздің оқушыларымыз батыр Талғат Бигельдиновтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз.

Бұл күні мектепте оқушылар батырдың құрметіне әдеби кеш ұйымдастырды. Ал Қарулы Күштердің мемлекеттік әскери-тарихи музейі көшпелі көрме өткізді.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу