Балтабек Жетпісбаев – 1907 жылы Семей облысы, Мұрат ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Соғыс басталғанда Балтабек Жетпісбаев генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-ші атқыштар двизиясы 1075-атқыштар полкінің комсомол бюросының хатшысы болатын.
1942 жылдың шілде айында ол полк батареясының комиссары атанады. Оның батареясы қысқа мерзім ішінде жаудың 6 танкісін, 13 көлігін, 120 солдат пен офицерін жойып жіберген.
Мұның өзі Соколово елді мекені жанында қорғанып жатқан өз бөлімдеріне жаудың қосымша күш пен оқ-дәрі жеткізуіне мүмкіндік бермей, Панфилов дивизиясының іс-қимыл жасауын едәуір жеделдетеді.
Балтабек Жетпісбаевтың әскери өмірбаянында басқа да даңқты беттер аз емес. Толығырақ бүгін 22:40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.