Халықаралық ұйым өкілдері Наурыз мейрамымен құттықтады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол өз құттықтауында БҰҰ–ның өкілдігі еліміздің дамуына үлес қосып, Үкіметпен бірге халықтың әл-ауқатын арттыру, маңызды бастамаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді. Басты мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту.
Саранго Раднарагча, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі:
Біріккен Ұлттар Ұйымының елдегі өкілдігі атынан барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Қазақстанның тұрақты саяси дамуына тілектестігімді білдіріп, әр шаңыраққа бақыт, береке тілеймін. Дамудың даңғыл жолында толайым табысқа жете беріңіздер.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілдері де барша
қазақстандықтарға құттықтауын жолдады. Ұйым халықты сапалы әрі жеткілікті
азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету, елдер арасында тәжірибе мен технология
алмасуды ұйымдастырумен айналысады.
Құттықтауда олар қазақ халқының кең пейілі мен ерекше қонақжайлылығын
атап өтіп, бұл қасиеттер елдің басты құндылықтарының бірі екенін жеткізді.
Абдула Манафи Мутуало, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілі:
Менің атым - Абдула Манафи Мутуало. Мен Астана қаласындағы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілімін. Мен Африка құрлығындағы Мозамбик еліненмін. Қазақстанда осымен бесінші рет Наурыз мейрамын қарсы алудамын. Дәстүрін қадірлейтін Қазақ елінде қызмет істеп жатқаныма қуаныштымын. Баршаңызға әз-Наурыз құтты болсын.
Абдельазиз Хаджажи, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі
Ислам ұйымының өкілі:
Мен Марокко Корольдігінің азаматымын. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымында менеджер болып жұмыз істеймін. Қазақстан халқына Наурыз мерекесіне орай ең жылы құттықтауларымды және ізгі тілектерімді жолдаймын. Қазақ жеріне тұрақты даму мен гүлдену, халқына бақыт пен береке тілеймін.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17