Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды
Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл бастама Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауына және Алатауды дамыту туралы Жарлығына негізделген. Оған сәйкес бұл қатардағы шаһар емес, арнайы құқықтық режиммен жұмыс істейтін дербес экономикалық аймақ болмақ. Үкімет үйіндегі жиыннан әріптесім Ернұр Медет хабар таратуға дайын. Алатаудың артықшылығы қандай?
Ернұр Медет, тілші:
Қос палата депутаттарының бірлескен отырысы жаңа ғана аяқталды. Мінберге шыққан Премьер-министрдің орынбасары алдымен Алатау қаласының тыныс-тіршілігі қалай болатыны туралы баяндама жасады. Ұққанымыз, шаһарды басқару моделі мүлде өзгеше болмақ. Стратегиялық шешімдерді арнайы кеңес қабылдаса, күнделікті жұмысты жеке атқарушы орган жүргізеді. Сондай-ақ Салықтық жеңілдіктер мен бизнес жүргізу шарттары жеңілдетіледі. Мұндай тәжірибе әлем елдерінде бұрыннан бар. Заң жобасын дайындау кезінде Қытайдағы Шэньчжэнь мен Хайнань, қарыштап дамыған Сингапур мен Дубай тәжірибесі зерттелген екен. Енді Алатау, ертең Сингапур, арғы күні Дубай болмаса да, елдегі алғашқы озық технологияларлы тоғыстырған шаһар атануға қадам басып отыр. Қала 30 жылдық даму жоспары бойынша алға жылжиды. Ал негізгі ережелер бірнеше жыл бойы өзгермейді. Себебі әлем тербеліп тұрғанда, тұрақтылық аса маңызды. Бұл инвесторларға сенімділік беріп, қаржысын құюуына сеп болмақ. Сарапшылардың болжамынша, егер жоспар толық іске асса, 2050 жылға қарай Алатаудың экономикасы 50 миллиард доллардан асады. Мәліметтерді толықтырып, ақпараттың алдағы шығарылымында тарқатып айтамын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14