Танымал боксшы Василий Жиров Ұлттық арна эфирінде сүйіктісіне ұсыныс жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал боксшы Василий Жиров Ұлттық арна эфирінде сүйіктісіне ұсыныс жасамақ

05.05.2015
Танымал боксшы Василий Жиров Ұлттық арна эфирінде сүйіктісіне ұсыныс жасамақ

Ауыр салмақтағы қазақстандық бірінші кәсіби боксшы Василий Жиров «Түнгі студияда» сүйіктісі Юлияға үйлену туралы ұсыныс жасайды.

Айта кету керек, бүгінде В.Жиров Голливуд жұлдызы Стивен Сигалдың жеке жаттықтырушысы. С.Сигал күрес өнері туралы жаңа фильм түсіргісі келетінін және осы фильмге В.Жировтың түскенін қалайтынын айтқан. «Мен келісімімді бердім. Қазір фильмге дайындық жұмыстары өтуде», - дейді боксшы.

Сондай-ақ, «Балқаш жолбарысы» атанған қазақстандық былғары қолғап шебері Лос-Анджелесте жеке фитнес залын ашпақшы.

Василий Жиров Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері.  Кезінде туған қаласында дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алып, кейін түбегейлі бокспен шұғылдануды жөн көреді. 11 жасынан боксқа келген ол  өмірінің 25 жылын осы спортқа арнады.

Атлантада өткен сайыста турнирдің техникалық жағынан ең үздік боксшысы ретінде В.Жиров Вэл Баркердің кубогын және Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы атағын иеленген. Кәсіби рингте 42 рет күреске шығып, оның 38-ін жеңіспен аяқтаған боксшы күрестерінің 90 пайызын нокаутпен жеңген. WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпион атанды.

Василий Жиров 1996 жылдан бері АҚШ-тың Аризона штатында тұрады. Бүгінде ол Джейкоб, Николас есімді екі ұл тәрбиелеуде.

Хабарламаларға жазылу